ШҚО ТЖД
балалар парақшасы

Жақсылық жаса

Бұдан бірнеше жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті балалар ауылынан патронажды тәрбиелеуге Ильис Садықов есімді кішкентай ұлды алды.
ШҚО ТЖД басшылары мен қызметкерлері балалар үйіндегі қамқоршысыз қалған жетім балаларға қолдау көрсету науқанына қарқынды ат салысты. Осындай қадам болашақта патронажды баланы баспана және жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жыл сайын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» баланың депозиттік шотына бір күндік жалақы мөлшерінде аударылым түседі. Бала кәмелеттік жасқа толғанға дейін 11 жылдың ішінде бірталай ақша жиналуы қажет. Бұл балаға өзін тұрғын үймен қамтамасыз етуге немесе үй алуға жетпейтін қалған ақшаны сол банктен  несиеге алуына мүмкіндік береді. Сөзсіз, несиені төлеу үшін бала мамандық алып, жақсы жұмысқа орналасуы керек. Бұл мәселеде жауапкершілікті баланы қамқорлыққа алған ұйымдар көтеруі қажет.

Бүгінгі күні Ильисқа және оның отбасына: бауырлары мен қарындастарына департамент қызметкерлері жүйелі түрде барып жағдайларын біліп, қамқорлық жасайды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар патронажды балаға ғана емес, өзге де балаларға көңіл бөлуге тырысады. Олар ержүректілікті қажет ететін мамандыққа, өрттік-құтқарушылық спортқа деген махаббатты оятады.

Ильистың кейбір бауырлары мен қарындастары өрт сөндіру -құтқару спортпен айналысқан. Кейбіреулері жақсы нәтижелер көрсетіп, енді біреулері спорт маманы дәрежесін алған.
Ильистың отбасында барлығы 8 бала және бір анасы бар. Әрбір бала өзінше дарынды, талапты. Бірі спортпен шұғылданады, басқасы бимен, ән айтумен айналысады. Ильис өте жақсы оқиды және компьютерді жақсы көреді. Мүмкін ол нағыз жасампаз бағдарламашы маман болып қалыптасады.

Біздің мақсатымыз бала өз өмірінде жетістікке жетуі үшін өз тарапымыздан қолдан келген көмегімізді жасауға тырысу.  Бұл үшін жақсы үлгі көрсете білу керек. Ал үлгіні олар бізден, үлкен адамдардан алады!!!

Парақтар өзгертілді: 09-11-2017