ШҚО ТЖД
балалар парақшасы

Есеп Өскемен қаласы әкімдігінің «№29 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ «Жас құтқарушы» орталығының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер мен жастар арасындағы VIІI Әлем чемпионатына қатысуы туралы. 

2018 жылғы 24-30 қыркүйек аралығында Болгар Республикасының Варна қаласында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының қамқорлығымен жасөспірімдер мен жастар арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша VIІI әлем чемпионаты өтті.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы VIIІ Әлем чемпионатына Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Чехия, Латвия, Словакия, Түркия, Украина, Болгария және Қазақстан құрама командалары қатысты.

Қазақстан Республикасының құрамасына «№ 29 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ «Жас құтқарушы» орталығының тәрбиешілері: Өскемен қаласының № 7 мектебінің 9 сынып оқушысы-Лунин Даниил, Өскемен қаласының № 17 мектебінің оқушысы - Красовский Дмитрий кірді. Әлем чемпионаты жарыстың төрт түрінен өтті:

1. Оқу мұнарасының екінші және үшінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу;

2. Кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту;

3. 4х100 метр өрт эстафетасы;

4. Өрт сөндіру мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю.

Жарыс түрлері бойынша Қазақстан жасөспірімдер келесі нәтижелер көрсетті:

- шабуыл сатысында-3 орын;

- кедергілері бар жүз метрлік жолақта -6 орын;

– 4х100 метр эстафетасында -5 орын,

Жарыстың ең қиын түрі-жауынгерлік қанат жаюда біздің балалар 20,17 секунд нәтижесімен 1 жүлделі орынға ие болып, Әлем чемпиондары болып атанды.

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер мен жастар арасындағы VІII Әлем чемпионатының жалпы есепте Қазақстан Республикасының құрамасы жалпы командалық 4 орын алды.

«ҚБМО № 29» КММ Өскемен қ. әкімдігінің дир.орынбасары Е.Шатурный