ШҚО ТЖД
балалар парақшасы

Өскеменде 150 оқушы құтқарушы болу үшін бірінші орынға күш сынасты

15 мамырда Өскемен қаласының № 2 өрт сөндіру бөлімшесі базасында қала мектептері арасында жарыс өтті. Барлығы 15 команда қатысты. Ұйымдастырушылар Өскемен қаласының ТЖ басқармасы мен қаланың Білім беру бөлімі болды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранының ойналуымен туды салтанатты түрде көтерумен басталды. Жарысты Өскемен қаласының ТЖБ РММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Андрей Андрейко ашып, командаларға жарыс кезеңдерінің сәтті өтуін тіледі.

Жарыс бағдарламасына бірден бірнеше кезеңдерді өту кірді. «Эстафета» спортында ұлдар мен қыздар өздерін өрт сөндіруші ретінде сезініп, тек кедергілерді игеріп қана қоймай, шартты өртті де сөндірді. Барлығы шынайы отпен күресушілердікі сияқты – шу, зардап шегушіні тасымалдау, уақытқа жауынгер киімін кию.

«Қолдан жасалған бұйымдар» байқауында қатысушылар өздерінің шеберлігін көрсетті. Бояулармен, қарындаштармен, ермексаздан, картоннан және басқа материалдардан жасалған бұйымдар қазылар алқасына ұсынылды, олар қонақтар мен қазылар алқасының таңданысын тудырды. «Қолдан жасалған бұйымдар» байқауының қазылар алқасы, ТЖ қызметінің ардагерлері, ШҚО ТЖД өрт мұражайының өкілдері мен «Өрт сөндіруші» ШҚО филиалының мамандары ұшқыш құтқару тарелкасы түріндегі жұмысты, отпен күресушілердің жетілдірілген мұнарасы мен заманауи өрт сөндіру депосын ерекше бағалады.

«Визиттік карточкада» өнер көрсеткен командалар балалардың театралдық мүмкіншіліктерін ашып, әрбір мектеп олардың тобында қандай әдемі және ерекше балалардың барлығын көрсетті. Командалардың өнерлерінде құтқарушы қызметінің және өмірлерінің көптеген «көріністері» көрсетілді.

«Алғашқы медициналық көмек көрсету» балалардың тек медицина теориясын жақсы білетіндігін ғана емес, сондай-ақ тәжірибеде де мықты екендігін көрсетті. Арнайы манекенде жас құтқарушылар төтенше жағдайда дәкемен орау, зардап шегушіге таңғыш қалақ салу және жедел жәрдем келгенше іс-әрекет жасаудағы өз машықтарын көрсете білді. Бұл жарыстың қорытындысына жас құтқарушыларға 10 жылдан астам уақыт қолдау көрсетіп жүрген ШҚО Қызыл жарты ай мамандары риза болды және олар жастар арасында тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйретуде ұйымдастырушылардан кем емес көмектеседі.

«Жас құтқарушылар жарысын 2005 жылдан бастап өткіземіз. Міне 2 жылдан қатарынан «Нұр Отан» партиясының ШҚОФ өкілдері мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысады, олар тек төтенше жағдайдың алдын алуға көмектесіп қана қоймай, өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеуге қатысады. Оқушылар өрттер және басқа тұтқиыл жағдайлар туындаған кезде сәтті шұғыл назар аудару үшін қажетті, білім мен машықты алады», - деп атап өтті Өскемен қаласының ТЖ басқармасында.

Оңай емес үш сағаттық күрестің нәтижесінде жеңімпаздар келесідегідей орын алды: бірінші орынды № 20 мектептің, екінші орынды - № 29 мектептің, үшінші орынды № 7 мектептің командалары иеленді.

«Визиттік карточка» номинациясында № 12 мектеп, «Қолдан жасалған бұйымдар» байқауында - № 16 мектеп, «Эстафета» - Ахмер мектебі командалары жеңіске жетті. «Алғашқы медициналық көмек көрсету» байқауында № 17 мектептің балалары жеңіс тұғырын көтерді.

Жарыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Өскемен қаласының ТЖ Басқармасының ақпараты