ШҚО ТЖД
балалар парақшасы

Өрт сөндіру-құтқару спорты

Егер сізге 12-та жастаболсаңыз, сіз өрт сөндіру-құтқару спортымен  шұғылданғыңыз келсе ШҚО ТЖД-ға келіңіз!!!
Сіздерді жаттықтырушы спорт шеберлері Михаил Филатов пен Валентин Долматов бұл таңғажайып спорт түріне мүлдем тегін үйретеді. Егер сен жалпы білім беру мектебінің 1-ші ауысымында оқысаң күнделікті сағат 15-тен 17-ге дейін, екінші ауысымда сағат 9-дан 11-ге дейін Өскемен қаласы Протазанов көшесі 97/1 ШҚО ТЖД спорт кешеніне кел.
Өзіңмен бірге өрт сөндіру-құтқару спортымен шұғылдануға деген құлшыныс пен спорттық киім әкелу керек. Жаттығулар күнделікті (демалыс күндерінен басқа) 2 сағаттан жүргізіледі.
өрт сөндіру-құтқару спортына мыналар кіреді:

Егер сендер жақсы нәтижегелерге қол жеткізсеңдер, облыстық, республикалық, мемлекет аралық жарыстарға қатысу үшін іріктелуіңіз мүмкін.
Қазіргі уақытта 12 мен 18 жас аралығындағы 20-ға тарта адам өрт сөндіру-құтқару спортымен айналысады.
Біздің жетістіктеріміз: 2015 жылы Беларус республикасының Гордно қаласында өткен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионатынан ұлттық өрттік-құтқарушылық команда жауынгерлік қанат жаюдан қола медаль алып және 100 метрден 4 өрт сөндіру эстафетасынан  Қазақстанның рекордын орнатты.
Жекелей есепте әлем чемпионатында Мақсат Романов (16 жас) 100 метрлік кедергілер жолағында 4-ші орынды иеленді. Қазақстан чемпионатында шабуыл сатымен оқу ғимаратының 2-ші қабатына көтерілуден чемпион атанды.
Жекелей есепте Дмитрий Снегирев (17 жас) шабуыл сатымен 2-ші қабатқа көтерілуден 5-ші орынды иеленді, ал Қазақстан чемпионатында Тараз қаласында 100 метрлік кедергілер жолағынан өтуден жаңа рекорд орнатты және шабуыл сатымен  оқу ғимаратының 3-ші қабатына көтерілуден чемпион болды.
Кіші жастағы топтың жекелей есебінде Валентин Мешков (14 жас) 100 метрлік кедергілер жолағынан өтуден Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Әйелдер құрамасы Санкт-Петербург қаласында өткен әлем чемпионатында
4-ші жалпы командалық орынды иеленді, ал Юлия Митрофанова жауынгерлік қанат жаюдан қола жүлдеге ие болды.
2016 жылы әлем чемпионаты Оңтүстік Кореяның Чинжу қаласында, ал Қазақстан чемпионаты Көкшетау қаласындаөтеді.
2017 жылы Қызылорда қаласындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жасөспірімдер арасында ШҚО жалпы командалық 3-ші орынды иеленді.

 

Парақтар өзгертілді: 08-11-2017